Қайпанов 2024 жылы 70 келіде өнер көрсетіп, әлем чемпоны атанған болатын
Азия ойындарында еркін күрестен 74 келіде бақ сынаған қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов қола жүлдені қанағат тұтты.
Отандасымыз ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Хан Дэ Гильмен күресіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Алайда, финалған жолдаманы сарапқа салғанда Иран балуаны Юнес Эмамичогаиға жол берді.
Ал, қола медаль үшін болған белдесуде ол Үндістан өкілі Сагар Джагланмен кездескен болатын. Тартысты өткен белдесуде қазақ балуанының жолы болды, есеп – 5:0.
Айта кетейік, Қайпанов 2024 жылы 70 келіде өнер көрсетіп, әлем чемпоны атанған болатын. Енді оның қоржынында Азия ойындарының қола жүлдесі бар.