Командалық спорт түрлерінен Қазақстан Азия ойындарында ешқашан жүлде алып көрмеген
Су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарында қоржынға күміс медаль түсірді. Финалда Жапониямен кездескен отандық команда 24:7 есебімен ойсырай жеңілді.
Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Таиланд пен Гонконгты жеңсе, Жапониядан 11:19 есебімен жеңілген болатын. Ал, жартылай финалда Оңтүстік Кореядан 18:14 есебімен басым түсті.
Айта кететін жайт, командалық спорт түрлерінен Қазақстан Азия ойындарында ешқашан жүлде алып көрмеген. Бұл – 1994 жылдан бергі алғашқы медаль.
Осылайша, Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде Қазақстан қоржынына бірде-бір алтын медаль түскен жоқ. Жалпыкомандалық есепте 12 алтын медальмен сегізінші орында тұр.