Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Жуырда күтпеген тосынсый болады»: Саудия ханзадасы даңқты спортшыларды жинады

06.03.2024, 12:10

Соңғы бірер жылда Сауд Арабиясы үлкен спорт кештері өтетін орталыққа айналған

«Жуырда күтпеген тосынсый болады»: Саудия ханзадасы даңқты спортшыларды жинады
Турки Әл аш-Шейхтің жеке архивінен

Сауд Арабиясы Ойын-сауық басқармасының бас төрағасы, әрі ханзада Турки Әл аш-Шейх өз үйінде даңқты боксшылар Энтони Джошуа, Тайсон Фьюри, MMA шебері Франсис Нганну және португалдық футболшы Криштиану Роналдуды жинады.

Ханзада жақын күндері күтпеген тосынсый болатынын жарнамалап, достарымен бірге түскен фотосуретін әлеуметтік желіге жүктеді.

«Менің құрметті достарыммен, өз спортындағы ең мықтылары. Жуырда үлкен тосынсый болады. Футбол аңызы Криштиану Роналдумен болатын жаңа жоба жақын уақытта Эр-Риядта таныстырылады. Жұма күні Джошуа мен Нганну арасындағы жекпе-жекті күтем. Сондай-ақ, Тайсон мен Усик арасындағы ғасыр жекпе-жегін де асыға күтем», - деп жазды Әл аш-Шейх.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам