Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Сенімді болғаны үшін жеңілді»: Шархан Нұрлыханның Ташкентте неліктен ұтылғаны белгілі болды

07.03.2024, 09:27

Ол былтыр Азия ойындарында қола жүлдеге ие болған еді

«Сенімді болғаны үшін жеңілді»: Шархан Нұрлыханның Ташкентте неліктен ұтылғаны белгілі болды
olympic.kz

Дзюдодан ұлттық құрама мүшесі Шархан Нұрлыханның Ташкентте өткен Grand Slam турнирінде неліктен жеңілгеніне бас бапкер жауап берді. Бір ай бұрын Париждегі турнирде қола жүлде иеленген спортшы эмоциялық көңіл-күйге бой алдырып, есе жіберген.

«Нұрлыхан Шарханның дайындығы сәл жетіспей қалды. Ол эмоционалды тұрғыда өзіне тым сенімді болған. Кейін сол эмоцияларды басқара алмады, соның салдарынан өзі ойлаған әдістер жүзеге асқан жоқ», - деді спортшылардың жеке жаттықтырушысы Bassport.kz тілшісіне берген сұхбатында. 

Айта кетелік, Нұрлыхан биыл әлемдік рейтингте 14-ші орында тұр. Ол өткен жылы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болған еді. Жерлесіміз шешуші белдесуде жапониялық Олимпиада чемпионы Араон Вольфтен басым түсті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам