«Берілмеймін»: Михаил Шайдоров Франциядағы сәтсіз өнерінен соң пікір білдірді

Ол Instagram парақшасында жанкүйерлеріне қолдауы үшін алғыс айтты

Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Францияның Анже қаласында өткен ISU Гран-при кезеңіндегі өнеріне қатысты пікір білдірді. Олимпиада чемпионы жарысты 206,55 ұпаймен оныншы орында аяқтады.

Шайдоров қысқа және еркін бағдарламаларда бірнеше қателік жіберді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы Гран-при финалына жолдама ала алмайды.

Ол Instagram парақшасында жанкүйерлеріне қолдауы үшін алғыс айтып, сәтсіздікке қарамастан, алға ұмтылатынын жеткізді.

«Мұндай жарыстан кейін не айтарымды білмей тұрмын. Кейде бәрі біз қалағандай бола бермейді. Мұз тайғақ. Сіздердің алаңдағандарыңызды көріп, хабарламаларыңызды оқып отырмын. Қолдау білдірген әрқайсыңызға шын жүректен алғыс айтамын.

Жеңістерімді ғана емес, жеңілістерімді де бірге бөліскендеріңізге рақмет. Өйткені жеңіліс те – жолдың бір бөлігі. Берілмеймін және бұрынғыдан да мықты болып оралуға уәде беремін. Баршаңызға рақмет!» – деп жазды спортшы.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров келесі жарысын 6–8 қараша аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін Гран-при кезеңінде өткізеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам