Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді
Сенегал астанасы Дакарда өтетін 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың толық тізімі жарияланды.
Байрақты бәсекеде ел атынан 18 қазақстандық 11 спорт түрі бойынша сынға түседі.
Қазақстан құрамасының тізімі:
Таеквондо: Любовь Юн
Триатлон: Рамазан Әйнегов
Жеңіл атлетика: Маргарита Косинова (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Максим Сажнев (диск лақтыру)
Спорттық гимнастика: Ева Тациева, Андрей Терман
Бокс: Ақнұр Тұрсынғали, Марал Төлепберген, Бибарыс Әшірбай
Тасжолдағы велоспорт: Әнел Тәшбай, Глеб Новиков
Дзюдо: Фатима Сұпығалиева
Жағажай волейболы: Оразалы Сағыныш, Әлихан Ағабек
Жүзу: Анатолий Руденко, Дарья Чеснокова
Семсерлесу: Айбар Қайым (сабля)
Брейкинг: Айзара Жұмабекова
Айта кетейік, Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді. Бұл - Африка құрлығында ұйымдастырылатын алғашқы Олимпиада ойындары.