Грек-рим балуаны Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Осылайша, Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен әлем чемпионатын үш қола медальмен аяқтады

United World Wrestling
United World Wrestling

Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір қола жүлде түсті. Грек-рим балуаны Бағдат Сабаз 67 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар тұғырына көтерілді.

Қола жүлде үшін болған белдесуде Бағдат Олипиада ойындарының жүлдегері әзербайжандық Хасрат Джафаровпен күрескен болатын. Нәтижесінде қазақ балуаны 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен әлем чемпионатын үш қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Исхар Курбаев (55 келі) және Айдос Сұлтанғали (60 келі) үздік үштіктен көрінген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам