Жавохир Синдаров АҚШ-та топ жарып, 168 мың доллар сыйақы алды

Синдаров жарыста әлемнің мықты шахматшыларынан басым түсті

instagram.com/stlchessclub
instagram.com/stlchessclub

Өзбекстандық 20 жастағы гроссмейстер Жавохир Синдаров АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен Clutch Chess Champions Showdown 2026 турнирінде топ жарды.

Ол жеңісі үшін негізгі сыйақы мен бонустарды қоса есептегенде 168 мың доллар иеленді.

Синдаров жарыста әлемнің мықты шахматшыларынан басым түсті. Екінші орынды үндістандық Прагнанандха Рамешбабу иеленіп, 109 мың доллар сыйақы алды. Үздік үштікті 81 мың доллар еншілеген америкалық Фабиано Каруана түйіндеді. Ал Хикару Накамура 67 мың доллармен төртінші орынға жайғасты.

27–29 қазан аралығында өткен турнирге әлемнің төрт таңдаулы гроссмейстері қатысып, рапид форматында өзара 18 партиядан ойнады.

Жарыстың басты ерекшелігі – жеңіске берілетін ұпай санының күн сайын артуы. Бірінші күні жеңіс үшін 1 ұпай, екінші күні 2 ұпай, ал шешуші күні 3 ұпай берілді. Сонымен қатар тең ойындар үшін қарастырылған бонустар арнайы қорға жиналып, турнир жеңімпазына табысталды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам