4:0 есебімен жеңіліп жатқан америкалық балуан финалда жеңісті жұлып алды
АҚШ балуаны Кайл Снайдер Астанада өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында 97 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленді. Финалда ол жапониялық Араш Йошидамен кездесіп, 4:4 есебімен жеңіске жетті.
Белдесудің соңғы минутына дейін Йошида 4:0 есебімен алда тұрған. Алайда америкалық балуан соңғы сәтте есепті теңестіріп, шешуші ұпайды еншісіне жазды. Нәтижесінде жеңіс Снайдерге берілді.
Финалға дейін Снайдер ширек финалда ресейлік Абдулрашид Садулаевты 4:4 есебімен қосымша көрсеткіштер бойынша жеңсе, жартылай финалда поляк Збигнев Барановскийден 5:0 есебімен басым түсті. Ал Йошида жартылай финалда бахрейндік Ахмед Тажудиновты туше әдісімен жеңген еді.
Айта кетейік, Снайдер бұған дейін 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанып, әлем чемпионатында төрт рет топ жарған. Осы жеңісінен кейін оның әлем чемпионатындағы алтын медаль саны бесеуге жетті. Ал Йошида 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ Азия чемпионы.