Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Бұл салмақта көш бастап тұрған – әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген польшалық Виктория Холуй

UWW
UWW

Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жаңартылған әлемдік рейтингте екінші орынға жайғасты.

Бұған дейін Алматының атынан сынға түсетін спортшы рейтингтің төртінші сатысында тұрған. Бұл салмақта көш бастап тұрған – әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген польшалық Виктория Холуй. Ал үшінші орынға әлем біріншілігінің жеңімпазы, Қытай өкілі Зелу Ли көтерілді.

Астанада өткен әлем чемпионатында Жәмилә Бақбергенова қола медаль үшін белдесуде жапониялық Махиро Ёситакаға есе жіберген еді. Қазіргі рейтингте жапониялық балуан төртінші орында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам