Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды

Нұрғиса Әділетұлы қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келі көтерді

ҰОК
ҰОК

Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан ересектер арасындағы әлем чемпионатында 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегерлер анықталды.

Қазақстан атынан сынға түскен Нұрғиса Әділетұлы қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келі көтеріп, күміс медаль иеленді. Отандасымыз жұлқа көтеруде 182 келіні, ал серпе көтеруде 217 келіні бағындырды. Осылайша, ол қос жаттығуда да күміс жүлдеге қол жеткізді.

Бұл салмақта Болгария өкілі Карлос Насар 415 келі нәтижемен әлем чемпионы атанды. Қола медаль 396 келі көтерген ирандық Али Әлипурға бұйырды.

95 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі үздік үштік:

  1. Карлос Насар (Болгария) – 415 кг (185+230)
  2. Нұрғиса Әділетұлы (Қазақстан) – 399 кг (182+217)
  3. Али Әлипур (Иран) – 396 кг (181+215)

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам