Ясмина Тоқсанбаеваға жеңіл атлетикадағы жетістігі үшін пәтер берілді

Сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды

instagram.com/01yasm1na
instagram.com/01yasm1na

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева спорттағы жетістіктері үшін пәтер кілтін алды.

Қуанышты жаңалығын спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, қолдау көрсеткен федерация мен барша жанашырына алғыс айтты.

«Сезімімді жеткізуге сөзім де, эмоциям да жетпейді. Өз елім мен федерациямның осындай құрметіне ие болғаныма шексіз қуаныштымын! Бүгінгі күнге себепкер болған барша жанға рақмет. Бұл марапат маған алға ұмтылып, дами түсуге күш береді!» – деп жазды спортшы.

Сонымен қатар 9 қарашада Ясмина Тоқсанбаева «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды. Тиісті Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Марапат Азия және Азия пара ойындарындағы спортшылардың нәтижелеріне орай табысталды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам