Ресейлік Хамзат Чимаевтің жаңа қарсыласы америкалық Крис Вайдман болады
Real American Freestyle (RAF) күрес лигасының ұйымдастырушылары 14 қарашада Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде өтетін турнирдің басты белдесуіне өзгеріс енгізді.
Ресейлік Хамзат Чимаевтің жаңа қарсыласы америкалық Крис Вайдман болады. Ол бұған дейін UFC-де орта салмақта чемпиондық белбеуді иеленген.
Бастапқыда Чимаевтың қарсыласы ретінде UFC титулына үш рет таласқан Колби Ковингтон белгіленген еді. Алайда америкалық спортшы жарақатына байланысты турнирге қатыса алмайтын болды. Ұйымдастырушылар оның орнына Вайдманды таңдады.
Хамзат Чимаев 32 жаста. Ол кәсіби ММА мансабын 2018 жылы бастап, UFC-де орта салмақта чемпион атанды. Бұл дивизиондағы салмақ шегі – 84 келі.
Ал оның жаңа қарсыласы Крис Вайдман Чимаевтан он жас үлкен. 42 жастағы америкалық спортшы кәсіби ММА мансабын 2009 жылы бастап, UFC-дің орта салмақтағы чемпионы атанған.