«Дзюдомен қоштасты»: Олимпиаданың бес дүркін чемпионы Франция президенті болуы мүмкін

2027 жылы Францияда президент сайлауы өтеді деп жоспарланған

Фото AFP
Фото AFP

Дзюдодан Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Тедди Ринер 2027 жылы Франциядағы президент сайлауына түсетінін мәлімдеді. Танымал спортшы бұл туралы желіде жазба жариялап, татамиден саясат сахнасына бет бұрғанын жеткізді.

«Еліміздің басындағы қиындықтарға мойынсұнып, қол қусырып отыру – жеңілісті алдын ала мойындаумен тең. Мен сырттай бақылап отыруға келіспеймін. Мен 2027 жылғы президент сайлауына өз кандидатурамды ұсынамын. Францияға бүгінгі сын-қатерлерді еңсеру үшін талапшылдық, парасатты шешімдер және ортақ күш-жігер қажет. Біз ешқашан берілмейміз», - деді Тедди Ринер.

2027 жылдың көктемінде Францияның қазіргі басшысы Мануэль Макронның президенттік мерзімі аяқталады. Ол 2017 жылы алғаш сайлауда жеңіске жетіп, бүгінде екінші рет мемлекет басшысы болып сайланған.

Ал Тедди Ринер соңғы рет Париж Олимпиадасында чемпион атанған. Ол өз мансабында үш рет жекелей, ал екі рет командалық сында төртжылдықтың басты ойындарының алтынны иеленген. Бұдан бөлек оның еншісінде Олимпиаданың екі қола жүлдесі бар. Ол 2024 жылдан кейін халықаралық жарыстарда өнер көрсетпеді. Әзірге спортшы ресми түрде дзюдодағы мансабын аяқтауға қатысты пікір білдірген жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам