Жартылай ауыр салмақтағы RAF чемпиондық белбеуі сарапқа салынады
UFC чемпионы Хамзат Чимаев Real American Freestyle (RAF) ұйымының кезекті турнирінде чемпиондық белбеуін қорғайды. Оның қарсыласы – UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы чемпионы Рашад Эванс.
Чимаев пен Эванс арасындағы белдесу 19 желтоқсанда АҚШ-тың Юниондейл қаласындағы Nassau Veterans Memorial Coliseum аренасында өтетін RAF 16 турнирінің басты оқиғасы болады. Бұл кездесуде қазақстандық жанкүйерлерге де жақсы таныс Шешенстан өкіліне тиесілі жартылай ауыр салмақтағы RAF чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.
32 жастағы Чимаев бұл атақты 14 қарашада Абу-Дабиде өткен турнирде жеңіп алған еді. Ол чемпиондық белдесуде UFC-дің орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Крис Уайдманды 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. Ал 47 жастағы Эванс RAF ұйымындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Америкалық спортшы UFC-дегі мансабын 2018 жылы аяқтаған.
Айта кетейік, Чимаев пен Эванс арасындағы жекпе-жек аралас жекпе-жек ережесімен емес, еркін күрес бойынша өтеді.