Қазақстанның тағы бір өкілі Никита Кривошеев жарыстан бас тартты
Эстонияның Таллин қаласында мәнерлеп сырғанаудан ISU Challenger сериясына кіретін халықаралық турнир жалғасып жатыр.
Жарыс аясында ерлер қысқа бағдарламасын орындады.
Қазақстандық Артур Смағұлов бұл сында 61,09 ұпай еншілеп, 11-орынға жайғасты.
Қазақстанның тағы бір өкілі Никита Кривошеев жарыстан бас тартты.
Қысқа бағдарламадан кейін италиялық Габриэле Франджипани 80,96 ұпаймен көш бастап тұр. Оңтүстік Корея өкілі Ким Хенгем (79,57) екінші орында болса, Польшаның атынан сынға түскен Владимир Самойлов (74,35) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 19 қарашада өтеді.