Садулаев RAF лигасында әлем чемпионымен белдеседі

Балуанның бұл жолғы қарсыласы – АҚШ өкілі, әлем чемпионы Трент Хидлей

Getty Images
Getty Images

Еркін күрестен екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев RAF лигасындағы кезекті белдесуіне дайындалып жатыр. Ресейлік балуанның бұл жолғы қарсыласы – АҚШ өкілі, әлем чемпионы Трент Хидлей. Екі балуан 20 желтоқсанда Лонг-Айлендте өтетін RAF 16 турнирінде кездеседі.

29 жастағы америкалық спортшы 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ол 2025 жылы әлем чемпионы атанса, биылғы әлем біріншілігінде күміс жүлдеге ие болды. Бұған қоса, Панамерика чемпионатының екі дүркін жеңімпазы.

Хидлей RAF лигасында әзірге жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген. Ол үш кездесудің барлығында жеңіске жетті. Америкалық балуан Джейкоб Карденасты ұпай санымен ұтса, Пэт Дауни мен Магомедхан Магомедовты техникалық басымдықпен мерзімінен бұрын жеңген.

Ал Садулаев үшін бұл RAF алаңындағы төртінші белдесу болмақ. Ресейлік балуан лигадағы алғашқы кездесуінде Кайл Снайдерден жарақатына байланысты жеңіліп қалды. Алайда кейін Зак Браунагел мен Даурен Құруғлиевті ұпай санымен жеңіп, қатарынан екі жеңіске қол жеткізді.

Еске салайық, Абдулрашид Садулаев жуырда Астанада өткен әлем чемпионатында 97 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам