Санжар Еруланұлы жапон дзюдошысын жеңіп, Ташкентте алтын медаль жеңіп алды

Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады

ҰОК
ҰОК

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Санжар Еруланұлы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті.

Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Санжар ақтық сында жапониялық Шокей Хираноны тізе бүктіріп, алтын медаль жеңіп алды.

Осылайша ұлттық құраманың қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Асқар Біржанов (100 келіге дейін) қола жүлде алған еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам