Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Олимпиада жолдамасы үшін күресетін Қазақстан балуандары анықталды

15.03.2024, 19:24

Әзірге отандық балуандарда екі жолдама ғана бар

Олимпиада жолдамасы үшін күресетін Қазақстан балуандары анықталды
olympic.kz

Бішкекте 19-21 сәуір күндері күрес түрлері бойынша Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысатын Қазақстан балуандарының тізімі белгілі болды. 

Ақпан айында ел чемпионатында олимпиадалық салмақта чемпион атанған спортшылар аталған сында белдеспек.

Грек-рим күресі бойынша Айдос Сұлтанғали (60 келі), Мейіржан Шермаханбет (67 келі), Демеу Жадыраев (77 келі), Олжас Сырлыбай (97 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) күреседі. 

Ал, еркін күрес бойынша Ерасыл Мұхтарұлы (57 келі), Майис Әлиев (65 келі), Нұрғожа Қайпанов (74 келі), Әлішер Ерғали (97 келі), Юсуп Батырмырзаев (125 келі) жолдама үшін бозкілемге шығады.

Ал әйелде күресі бойынша Лаура Ғаниқызы (50 келі), Жұлдыз Ешімова (53 келі), Эмма Тисина (57 келі), Ирина Кузнецова (62 келі), Елена Шалыгина (68 келі), Жәмила Бақбергенова (76 келі) сынға түспек.

Әзірге Қазақстан балуандарында Олимпиаданың екі жолдамасы бар. Олар грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсыновқа (87 келі) және еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбековке (86 кг) тиесілі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам