Ол өз салмағында фаворит саналып келген
Қазақстанның ең үздік таеквондашысы Жансель Дениз Олимпиадаға жолдама беретін турнирде Тәжікстан өкілінен жеңіліп қалды. Ол енді Парижде ел намысын қорғай алмайды.
Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан іріктеу турнирінде жерлесіміз тәжік қызы Мунира Абдусаломовамен кездесіп, 8:14 есебімен жеңілді. 67 келіде Жансель Дениз жарыс фавориті саналғандықтан, оның бұл жеңілісі сенсациялық нәтиже саналып отыр.
Ширек финалда жансель Моңғолия таеквондошысы Энхчимег Ганзоригті 10:3 есебімен жеңген болатын.
Осылайша, Қазақстаннан барған төрт таеквондошының екеуі ғана Олимпиаданың жолдамасын иеленді. Олар: Батырхан Төлеуғали (80 кг) мен Самирхон Абабакиров (58 кг). Жансель Дениз бен Мария Севостьянова (57 кг) жеңіліп қалды.