Финалда ол Түркия өкілін жеңді
Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан грек-рим күресінен жастар арасындағы (23 жасқа дейін) әлем чемпионатында қазақстандық Сұлтан Әсетұлы жеңімпаз атанды.
Бұл туралы «Спорт Шредингера» Telegram-каналында жазылған.
«Сұлтан Әсетұлы – 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының чемпионы.
Қазақстан балуаны Албанияда 67 келіге дейінгі салмақта финалда түрік Мұстафа Сафы Йылдырымды жеңді», - делінген аталған хабарламада.
Айта кетейік, Тиранадағы әлем чемпионаты 23-29 қазан аралығында өтеді. Алғашында жарыс Финляндияда өтуі тиіс болған. Алайда, фин билігі Ресей спортшыларына виза беруден бас тартқаннан кейін турнирдің өтетін орны ауыстырылды.