Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы тарихи жолдамаға қол жеткізді

24.03.2024, 14:06

Ұлттық команда жалпы рейтингте ТОП-4 мемлекеттің қатарына кірді

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы тарихи жолдамаға қол жеткізді
Фото: olympic.kz

Шпагамен семсерлесуден Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Тбилисиде әлем кубогінің шешуші кезеңі өтіп жатыр.  Бұл бәсекедегі Қазақстанның басты қарсыласы саналған Оңтүстік Корея 1/8 финалда Чехия құрамасына жол беріп, Қазақстан командасынан 26 ұпайға қалып қойды. 

Осылайша, семсерлесуден Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет командалық сында Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. 

Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша, алғашқы төрт орында тұрған команда Олимпиадаға тікелей жолдама алады. Жапония сол төрттік қатарында Парижге бару мүмкіндігін алған соң, Азиядағы жалғыз лицензияға Қазақстан мен Оңтүстік Корея таласқан болатын. 

Тбилисидегі шешуші сында Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай мен Вадим Шарлаимов төрттігі Олимпиадаға лицензия иеленді. Әлемдік ереже бойынша, командалық сынға бір, жекелей сында үш жолдама Қазақстан қоржынына түсті. 

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам