Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Ризабек Айтмұқан бес дүркін әлем чемпионымен жаттығып жүр

27.03.2024, 14:46

Қазақстандық балуан Садулаевпен түскен суретін Instagram-дағы парақшасына жариялады

Ризабек Айтмұқан бес дүркін әлем чемпионымен жаттығып жүр
Фото: instagram.com/rr1zabek

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан қазіргі уақытта Осетияда дағыстандық балуан Абдулрашид Садулаевпен бірге жаттығуда, деп хабарлайды 1bol.kz.

Ризабек жаттығу барысында еркін күрестен бес дүркін әлем чемпионы, екі мәрте Олимпиада жүлдегері Абдулрашид Садулаевпен спаррингке шықты. Қазақстандық балуан Садулаевпен түскен суретін Instagram-дағы парақшасына жариялады.

"Оқу-жаттығу жиыны ойдағыдай өтіп жатыр", – деп жазды Айтмұқан.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан 11-16 сәуір аралығында Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам