Су тасқыны: футболшылар ақша жинады ма? "Реал" базасында Зиданмен бірге жаттықтық

Күрес федерациясы бірнеше бапкер мен төрешенің жұмысына шектеу қойды

29.03.2024, 10:13

Бұған олардың 26 наурызда Алматы облысында аяқталған ел чемпионатындағы қызметтік әрекеті себеп болған

Күрес федерациясы бірнеше бапкер мен төрешенің жұмысына шектеу қойды
Фото ашық дереккөзден

Қазақтанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының кезектен тыс жиынында UWW регламенті мен құқықтық-нормативтік актілерді бұзған жекелеген бапкерлер мен төрешілерге қатысты тәртіптік мәселелер қаралды.

Шағым бойынша грек-рим күресінен Алматы облысының бапкері Боранбек Қоңыратовты биыл 31 желтоқсанға дейін республикалық және халықаралық жарыстардан, сондай-ақ, жас ерекшелігінен тыс ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындарынан шеттету туралы шешім қабылданып отыр.

Ал еркін күрестен Қызылорда облысының бапкері Серік Әбдімәуленов те 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін республикалық және халықаралық жарыстардан, жас ерекшелігінен тыс ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындарынан шеттетілді.

Бұдан бөлек, әйелдер күресінен Гүлжанат Қожағалиева (БҚО) мен Ғалым Мырзабаев (Алматы облысы) үш ай көлемінде республикалық және халықаралық жарыстардан, сондай-ақ, жас ерекшелігінен тыс ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындарына қатыса алмайды.

Төрешілер корпусының Қостанай облысындағы өкілі Серік Құлмұхамбетов те биылғы 31 желтоқсанға дейін республикалық жарыстарда төрелік ету құқығынан айырылып отыр.

Аталған шағымдардың барлығы жиында 26 наурызда Алматы облысында аяқталған ел чемпионатындағы жағдай бойынша қаралған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт