Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Отандық спортшы Қазақстанға алдағы 2-3 Олимпиадаға қатыспауға кеңес берді

01.04.2024, 23:20

Ол қыруар қаржыны желге шашпай, бұқаралық спортты дамытуға құю керек деген пікірде

Отандық спортшы Қазақстанға алдағы 2-3 Олимпиадаға қатыспауға кеңес берді
AllFight.Ru

Пауэрлифтингтен ҚР спорт шебері, блогер Валихан Тен Олимпиада ойындарына натурализация жасалған спортшыларды жіберуге қатысты пікір білдірді.

«Ұлттық құрамада тек Қазақстанда туған спортшылар болуы тиіс. Оның ұлты маңызды емес. Бастысы, Қазақстанда дүниеге келген, осы жерде ер жеткендер алынсын. Басқа елден сатып алуды қою керек. 

Сосын, олардың отаны да «біздің елдің спортшысын Қазақстан долларға сатып алды» деп айтады. Бір спортшыға азаматтық беріп әкелсек, үш жыл карантинде отырады. Оған дейін Қазақстан атынан қатыса алмайды. Содан кейін ғана Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды. 

Бізге жақсы бапкер, методист, физиолог секілді мамандарды шақырған дұрыс. Егер олай істей алмасақ, Олимпиаданың не қажеті бар?», - дейді 

Тен Real Prepod Podcast бағдарламасына берген сұхбатында. 

Ол осы ретте бұқаралық спортты дамытуды ұсынып отыр. Айтуынша, болашақ чемпиондарға көңіл бөлген дұрыс.

«Бұқаралық спортты дамытайық. Өскелең ұрпақтың 40 пайызы белсенді өмір сүру салтымен айналысса екен деймін. Біздің Ұлттық Олимпиада комитеті Олимпиада ойындарына баруға қыруар қаржы жұмсағанша, елдегі бұқаралық спортты дамытсын. Екі-үш Олимпиадаға қатыспай-ақ қояйық. Кейіннен халықаралық аренада жоғары деңгейде өнер көрсете алатын өз жігіттеріміз шығады. Жәрмеңкеге барғандай, спортшы сатып алуды доғарайық. Сосын, сатып алған спортшылар еліміздің туын көтеріп, әнұранын орындап, тұғырда тұрғаны ұят болады. Олар – жақсы қыз-жігіттер. Мен оларды сыйлаймын, көбісімен сөйлескенмін. Олардың кінәсі жоқ. Өз отанында Олимпиадаға қатыса алмаған. Амал жоқ, басқа елдерді жағалап кеткен. Спортшының мансабы өте қысқа. Олимпиада әр төрт жылда бір рет қана өтеді. Бұл жерде жүйе дұрыс емес. Егер министр болсам, Олимпиадаға деген көзқарасты өзгертіп, бұқаралық спортты қаржыландыратын едім», - дейді спортшы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам