Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

Ұлттық құрама хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатына аттанады

02.04.2024, 17:59

Бас бапкер жарысқа қатысатын құрама ойыншыларын бекітті

Ұлттық құрама хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатына аттанады
Фото ашық дереккөзден

Хоккейден еліміздің әйелдер құрамасы 7-13 сәуір аралығында Андоррада ІІА дивизионда әлем чемпионатында сынға түседі.

Бірінші дивизионға жолдама алу үшін ұлттық құрама ойыншылары Бельгия, Испания, Исландия, Тайбэй және Мексика командаларымен өзара мықтын ынықтайды. Аталған турнирге қатысатын Қазақстан командасының құрамы анықталды.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында қатарында қақпаға Полина Говтва («Торпедо», Өскемен) мен Арина Щеколова («Томирис», Астана) кезектесіп тұрады.

Бас бапкер Александр Тебеньков шабуыл шебіне Малика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Алина Иванченко, Татьяна Королева, Лариса Свиридова (барлығы - «Айсұлу») Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай (барлығы – «Томирис»), Мунира Саяхатқызы, Ділназ Саяхатқызы, Карина Фельзинкті (барлығы – «Торпедо») қойып отыр.

Ал қорғаушы ретінде Аида Олжабаева, Мадина Тұрсынова, Анна Пяткова (барлығы – «Айсұлу») Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы – «Томирис»), Анастасия Дубровская, Катрин Мескини (екеуі де – «Торпедо») әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт