Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан балуандарының лицензиялық турнирдегі қарсыластары анықталды

19.04.2024, 10:24

Қазақстан балуандарында бұдан бөлек тағы бір лицензиялық жарыс бар

Қазақстан балуандарының лицензиялық турнирдегі қарсыластары анықталды
olympic.kz

Бүгін Бішкекте Олимпиада лицензиясын үлестіретін Азиялық іріктеу турнирі басталады. Аталған сында күрес түрлері бойынша ұлттық құрамамыздың 16 балуаны күреседі.

Кеше турнирдің жеребесі тартылып, қазақ балуандарынын қарсыластары анықталды.

Грек-рим күресінен 60 келіде белдесетін Айдос Сұлтанғали бірінші айналымда Ирак балуанымен сынға түседі. Одан өтсе, тәжік спортшысымен жартылай финал жолдамасы сарапқа салады.

Классиктер арасында 67 келіде Мейіржан Шермаханбет алғашқы белдесуін Түркменстан өкіліне қарсы өткізеді. Жеңіске жеткен жағдайда ширек финалда Үндістан мен Өзбекстан балуандары жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

77 келіде Демеу Жадыраев турнирді ширек финалдан бастайды. Оның алғашқы қарсыласы Түркменстан мен Сауд Арабиясы балуандарының өзара жеңімпазы болмақ.

97 келіде Олжас Сырлыбай жапониялық У.Наказанамен күш сынасады. Оны жеңсе, өзбекстандық Рустам Ассакаловпен жартылай финалға шығатын мүмкіндігін тексеріп көреді.

130 келіде Әлімхан Сыздықов Түркменстандық А.Курбаевпен жарысты ширек финалдан бастайды. Ол жолдамаға ие болуы үшін екі белдесуде жеңіске жетуі тиіс.

Еркін күрестен Ерасыл Мұхтарұлы 57 келіде іріктеу кезеңінде Үндістан балуанымен күреседі. Екінші айналымға өткен жағдайда Ирак пен Оңтүстік Корея балуанының бірімен күресуі мүмкін.

65 келіде Майс Алиев алғашқы белдесуін палестиникалық А.Ассафқа қарсы өткізеді. Жеңіске жетсе, Қытай немесе Пәкістан спортшысымен сынға түседі.

74 келіде Нұрқожа Қайпанов филиппиндік А.Афанмен күреседі. Ширек финалға шықса, Пәкістан мен Сирия спортшыларының бірімен жартылай финал жолдамасына таласады. Бұл сында Нұрқожаның тобында кіл мықтылар барын айта кеткен жөн. Себебі, ол жартылай финалға жеткен жағдайда Иран, Моңғолия, Оңтүстік Кореяның балуандарының бірімен жолығып қалуы мүмкін.

97 келіде Әлішер Ерғали жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол ширек финалда Түркменстан мен Қырғызстан спортшылары жұбының жеңімпазымен белдеседі.

125 келіде Юсуп Батырмырзаев Пәкістан өкілі З.Анвардың шамасын байқайды. Одан өткен жағдайда қырғыз балуаны А.Лазаревпен өзара мықтыны анықтайды.

53 келіде Жұлдыз Ешімова вьетнамдық спортшымен ширек финалда сынға түседі.

Әйелдер күресінен 50 келіде Лаура Ғаниқызы жарысты тәжік балуанына қарсы күреспен бастайды. Оның жеңсе, жартылай финалда филиппиндік спортшымен белдеседі.

57 келіде Эмма Тиссина бірінші кездесуінде қытайлық балуанмен бозкілемге шығады. Бұл салмақта Азия бойынша 8 балуан ғана күреседі.

62 келіде Ирина Кузнецова бірінші белдесуінде үндістандық балуанға қарсы тұрады. Ал жартылай финалға шықса, Солтүстік Корея мен Қытай балуанымен сынға түспек.

68 келіде Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Елена Шалыгина ширек финалда Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Мейірім Жұманазаровамен күреседі.

76 келіде Жәмила Бақбергенова жарысты жартылай финалдан бастамақ. Ол алғашқы кездесуінде жеңіске жетсе бірден Олимпиада жолдамасына иелік етеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам