Ол жартылай финалда Қытай қазағымен күреседі
Еркін күрестен Бішкекте өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасының үш балуаны жартылай финалға шықты.
97 келіде белдескен Әлішер Ерғали жарысты екінші айналымнан бастады. Ол ширек финалда Қырғызстан спортшысын 10:0 есебімен уақытынан бұрын жеңіп, келесі кезеңге өтіп отыр.
Жамбыл облысының өкілі енді Қытай атынан күресетін этникалық қазақ Әбдусайман Хабиламен финал жолдамасы үшін белдеседі.
Еркін күрес шеберлері, 74 келідегі Нұрғожа Қайпанов ширек финалда пәкістандық балуанды, 125 келідегі Юсуп Батырмұрзаев қырғызстандық балуанды мерзімінен бұрын жеңіп жартылай финалға өтті.
Сондай-ақ, 65 келі салмақта сынға түскен Маис Алиев 1/8 финалда палестиналық Абдулла Асафты сенімді түрде ұтты.
Ал 57 келідегі Ерасыл Мұхтарұлы бірінші кездесуде ұтылды.