Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Жолдама иелеген Қазақстан балуаны Олимпиадаға баратынына сенімді болғанын мәлімдеді

22.04.2024, 14:59

Қырғызстан астанасында өткен лицензиялық турнирде Қазақстан балуандары 5 жолдама иеленді

Жолдама иелеген Қазақстан балуаны Олимпиадаға баратынына сенімді болғанын мәлімдеді
olympic.kz

Бішкекте күрес түрлерінен өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасын иеленген Қазақстан балуаны Айдос Сұлтанғали төртжылдықтың басы ойындарына қатысатынына сенімді болғанын атады.

Грек-рим күресінен 60  келіде сынға түскен балуан Токио Олимпиадасынан тыс қалған болатын. Ол 2018 және 2023 жылдары әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Енді ол Париждегі Ойындарда ел намысын қорғайды.

«Күресіп жүргеніме қанша жыл болса да, түбі Олимпиадаға баратыныма шын сенетінмін. Бұл менің ғана емес, бүкіл командадағы бапкерлердің, массажшы мен дәрігердің, ата-анам мен отбасымның еңбегі. Біз ғой, халық алдында жүреміз. Ал артымызда бізді қолдап отырған жандардың еңбегі көріне бермейді. Сол кісілерге рахмет», - деді Айдос Сұлтанғали olympic.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Қырғызстан астанасында өткен лицензиялық турнирде Қазақстан балуандары 5 жолдама иеленді. Олардың қатарында еркін күрес құрамасы 2 жолдамаға қол жеткізсе, грек-рим күресі балуандары 3 жолдама еншіледі. Ал әйелдер құрамасынан 6 балуан сынға түскеніне қарамастан ешқайсысы Олимпиадасы жолдамасын ала алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам