Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстан спортшылары бір аптада 15 жолдама иеленді

24.04.2024, 11:22

Алда 30-ға жуық жарыс бар

Қазақстан спортшылары бір аптада 15 жолдама иеленді
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасына берілетін жолдама санын 47-ге жеткізді. Соңғы бір апта ішінде отандық атлеттер 15 жолдамаға ие болып отыр.

Өткен аптаның ортасында Токиода басталған байдарка мен каноэ есу бойынша ел спортшылары құрлық біріншілігіде 6 жолдама иеленген. Ал 19-21 сәуір күндері Бішкекте күрес түрлерінен өткен Азия аймақтық іріктеу жарысында балуандарымыз 5 жолдамаға иелік етті. 

Оның ішінде еркін күрестен – 2, грек-рим күресінен 3 жолдама бар. Бұдан бөлек, Чунджуда өткен академиялық есу спортынан Парижге Владислав Яковлев тағы бір жолдамаға қол жеткізіп отыр.

Ал, Нариман Курбанов Дохадағы әлем кубогы бәсекесінде спорттық гимнастикадан кезекті лицензияны еншіледі. Дохада өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде стенд атудан Мария Дмитриенко жолдамалы болды. Осылайша әзірге Қазақстан құрамасына тиесілі лицензиялар сары елуге жуықтаған.

Сондай-ақ, алда ұлттық құрамада дзюдодан кемінде ретйинг нәтижесі бойынша 5-7 жолдама алуға мүмкіндік бар. Тайландта бокстан өтетін лицензиялық сында ұлттық құраманың 6 боксшына да артылған үміт зор.

Алда жалпы саны отызға жуық жолдама үлестіретін турнир өтетін болса, олардың барлығында біздің спортшылары сынға түспек. Ұлттық Олимпиадалық штаб жоспары бойынша Парижге Қазақстан спортшылары 80-ге жуық жолдамамен баруды көздейді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам