Әйелінің көзіне шөп салған әйгілі футболшылар. Жаңа шығарылым!

Кеше ғана сыйлыққа автокөлік алған балуанға ақтөбеліктер пәтер сыйлады

24.04.2024, 15:42

Оның бапкеріне де құрмет көрсетілген

Кеше ғана сыйлыққа автокөлік алған балуанға ақтөбеліктер пәтер сыйлады
olympic.kz

Париж Олимпиадасына жолдама алған ақтөбелік балуан Юсуп Батырмырзаевқа күні кеше жергілікті жанкүйерлері көлік мінгізіп, 5 000 АҚШ долларын сыйға тартқан болатын. Бүгін екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Еске салайық, 125 келіде күресетін Батырмырзаев Бішкекте өткен лицензиялық турнирде жеңсіке жетіп, Парижге баратын жолдамаға ие болды. Дағыстандық легионерді Ақтөбе жұрты ерекше құрметпен күтіп алды.

Юсуп Батырмырзаев бірнеше жылдан бері Қазақстан атынан күреседі. Ол Ресейдің Дағыстан Республикасының тумасы. 2021 жылы Токио Олимпиадасына қатысып, іріктеу кезеңдерінде есе жіберді. Кейін біраз уақыт үзіліс алып, маңызды жарыстардан тыс қалған. Биыл ақпан айында Астанада өткен ел чемпионатында еркін күрестен 125 келіде ел чемпионы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам