Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Бакудегі лицензиялық турнирден кейін UWW бірнеше төрешіге жаза қолданды

24.04.2024, 18:09

Барлығы алты маман жауапқа тартылды

Бакудегі лицензиялық турнирден кейін UWW бірнеше төрешіге жаза қолданды
instagram.com/wrestrus_000/

Біріккен күрес әлемінің тәртіптік кеңесі Бакуде өткен Еуропа аймағы бойынша іріктеу турнирінде күмәнді төрешілік еткен мамандарды спорттан уақытша шеттетті.

Сәуір айының басында Әзірбайжан астанасында еркін күрес бойынша 74 келінің жартылай финалдағы төрешілер шешімі шу тудырған болатын. Бұл кездесуде әзірбайжандық Тұран Байрамов пен Италия балуаны Франк Чамизо белдескен. Алайда 8:8 есебімен аяқталған кездесудің соңғы секундындағы Италия балуанының ұпайы есепке алынбауы салдарынан Байрамов финалға өтті.

Алайда, Италия бапкерлерінің наразылығынан соң UWW мәселені қайта қарап, үш аптадан кейін қатаң шешім шығарды.

Бұл ретте тек Роман Павлов, Али Сайван, Алексей Базулин, Камел Буазиз, Ибрагим Чичиоглу және Кейси Гессл сынды төрешілер мен делегаттар 2-8 ай аралығында спорттан шеттетілген. UWW-дің 53-бабы бойынша кездесу қорытындысы өзгертілмей, Әзірбайжан балуаны Париж Олимпиадасының жолдамасын ие болып қала береді.

Сондай-ақ, UWW тарапы Франк Чамизоны 9 мамырда Стамбұлда өтетін бүкіләлемдік іріктеу турнирінде өз салмағында бірінші нөмірлі балуан етіп белгілейтін болды. Бұл ретте ол жарысты екінші айналымнан бастауы мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам