«Ордабасы» ойынды тағы сатты ма? ҚПЛ-де сауда қызды. Жаңа подкаст!

Әйгілі балуан Абдулрашид Садулаев Париж Олимпиадасына қатыспауы мүмкін

26.04.2024, 17:14

ХОК оны лицензиялық жарысқа қатыстырмай қойған

Әйгілі балуан Абдулрашид Садулаев Париж Олимпиадасына қатыспауы мүмкін
Известия

Еркін күрестен Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Абдулрашид Садулаев биыл Париждегі ойындардан тыс қалуы мүмкін. 97 келіде 2017 жылдан бері жоғары көрсеткішке ие балуан жыл басында халықаралық турнирде топ жарғанымен, кейінгі сындарда белгісіз жағдайда қысымға ұшырап отыр.

Бұл туралы Ресей күрес федерациясының басшылары да айта бастады. Соған қарамастан балуан Дағыстандағы жаттығу жиындарына қатысып жатыр.

«Садулаев туралы ештеңе айта алмаймын. Себебі, оның қазіргі жағдайы өте қиын. Ол өз салмағында әлем бойынша үздік балуан. Олимпиаданы екі рет ұтты. Ерекше нәтиже көрсеткеніне қарамастан оны жарыстарға қатыстырмай жатыр. Садулаев ұзақ жаттығып, тер төккеніне қарамастан халықаралық жарыстарда жолы тарс жабылуда. Сондықтан оған күресу әлі де ауыр болады», - деді Ресей күрес федерациясының бірінші вице-президенті Арсен Фадзаев.

Дегенмен, еркін күрестен Ресей құрамасының бас бапкері Қажымұрат Гацалов осы айдың соңында басталатын ішкі чемпионатқа Абдулрашид Садулаевтың қатысатынын атады. 97 келіде Бакуде өткен іріктеу турниріне оның орнына Әлихан Жабраилов қатысып, Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болған еді.

Бұған дейін танымал балуан Румынияда өткен Еуропа чемпионатына барып, Бухарест әуежайында кеденшілер оның визасының дұрыс еместігін айтып, жарысқа жібермеген болатын.  

Ал сәуір айының басында Бакуде өткен Еуропа аймақтық іріктеу турниріне Садулаевтың қатысуына Халықаралық Олимпиада комитеті белгісіз жағдайда шектеу қойды. Ал оның не үшін қатыстырылмау себебін ХОК нақты айтқан жоқ.

А.Садулаев 86 келіде 2014-2015 жылдары әлем чемпионы атанып, Риодағы ойындарда топ жарды. 2017 жылы Парижде өткен әлем чемпионатының финалында даңқты АҚШ балуаны Кайл Снайдерден 6:5 ұпайымен ұтылып қалды. Дегенмен, 2018-2019 жылдары 97 келіде әлем чемпионы атанып, Токиодағы Олимпиада ойындарында жеңімпаз болған. Ал 2021 жылы әлем чемпион атанған балуан екі жылға жуық халықаралық жарыстарда сынға түспеді. Былтыр Сербиядағы дүниежүзілік біріншілікте жартылай финалға дейін жеткенімен, Бахрейн атынан күресетін өзінің жерлесі Ахмед Тажудиновтан 9:2 есебімен ұтылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам