Ол жеті айдан бері өзінің Instagram-парақшасына кірмеген
Қазақстанның ең жас гроссмейстерлерінің бірі, шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіге қайта оралды. Ол өткен жылдың қыркүйек айынан бері Instagram-парақшасын жаңартпаған еді.
Бибісара шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатын екі рет жеңіп алған (2021, 2022 жылдар). Сондай-ақ, рапидте әлемнің күміс жүлдегері атанды (2021 жыл). Азия чемпионы. Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері.
Белгілі болғандай, Бибісараның Instagram-аккаунтын жеті ай бұрын белгісіз біреулер бұзған және жойып жіберген. Алайда, даңқты шахматшы қыз күні кеше парақшасын қайта қалпына келтіріп, әлеуметтік желіге оралғанын айтты.