Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Өзбекстан құрамасы футзалдан Қазақстаннан оза алмады

27.04.2024, 13:47

Өзбекстан Азия чемпионатының төрт дүркін финалисті

Өзбекстан құрамасы футзалдан Қазақстаннан оза алмады
Фото ашық дереккөзден

Футзалдан Өзбекстан құрамасы Азия кубогының жартылай финалында Ираннан жеңіліп, тарихи мүмкіндіктен айырылып қалды.

Иран құрамасы сары құрлық додасына жастарын әкелген, Тайеби секілді жұлдыздарына демалыс берген. Соған қарамастан финалға жолдама алды.

Ал Өзбекстан құрамасына алғаш рет Азия кубогында топ жаруға мүмкіндік туған еді. Бірақ финалға да жете алмады. Бұған дейін олар төрт рет бас жүлдеге таласқан. Соның үшеуінде Иранға есе жіберген (2001 жылы — 0:9, 2010 жылы — 3:8, 2016 жылы — 1:2). Сонымен қатар бір мәрте 2006 жылы Жапониядан жеңілген (1:5).

Бұл жолы Иранмен жартылай финалда негізгі уақытта тең түсті. Бірақ пенальти сериясында бағы жанбады. Сөйтіп, Азия кубогындағы ең жоғары жетістігі – күміс жүлде болып қала бермек.

Кезінде Қазақстан құрамасы Азия құрлығында болғанда 2000 жылы финалға дейін жетіп, Таиландқа есе жіберген. Ол кезде біздің құрамада кинорежиссер Ермек Тұрсынов ойнаған еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам