Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Балуан Нұрқожа Қайпанов Стамбұлда жолдама үшін белдесетін болды

01.05.2024, 12:52

Бұл – оның үшінші мүмкіндігі

Балуан Нұрқожа Қайпанов Стамбұлда жолдама үшін белдесетін болды
olympic.kz

Бішкекте өткен лицензиялық турнирде жолдамадан тыс қалған Нұрқожа Қайпановқа тағы бір мүмкіндік берілді.

Ол 9-12 мамыр күндері Түркияның Стамбұл қаласында өтетін күрес түрлерінен соңғы іріктеу турниріне қатысатын болды. Қазақстан құрамасының бас бапкері Мадияр Құрамысов 74 келі салмақта Нұрғожадан өзге лайықты балуанның жоқ екенін мәлімдеп отыр.

Осыған дейін аталған салмақта Талғат Сырбаз бекітілген болатын.

«Талғат Сырбаз белін жарақаттап алды. Сол себепті, Стамбұлдағы турнирге Қайпанов қатысады», - деді бас бапкер Olympic.kz-ке берген сұхбатында.

Нұрғожа Қайпанов Бішкекте өткен лицензиялық турнирдің шешуші белдесуінде ирандық балуанға ірі есеппен ұтылған болатын.

Қазір еркін күрестен ұлттық құрамада 57, 65 және 74 келі салмақта Олимпиада жолдамасы жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам