Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Мағжан Шамшадин Душанбеде финалда жеңілді

03.05.2024, 18:03

Ертең Қазақстанның тағы бірнеше дзюдошысы татамиге шығады

Мағжан Шамшадин Душанбеде финалда жеңілді
IJF

Мағжан Шамшадин Тәжікстан астанасы Душанбеде басталған Үлкен дулыға (Grand Slam) санатындағы турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ұлттық құрама дзюдошысы (-60 келі) ақтық айқаста жарыс қожайыны Мұхаммедсолех Кубатовқа жол берді. 

Қола медаль Изнаур Сааев пен Хайато Кондоның еншісінде кетті.

Бұл Шамшадиннің Үлкен дулыға санатындағы жарыстарда алған төртінші жүлдесі. Ол былтыр маусымда Астанада алғаш рет өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam-да алтыннан алқа таққан. Ал Тель-Авивте (2022 жылы) және Тбилисиде (2023 жыл) қола жүлдеге қол жеткізген.

Мағжан бүгін іріктеуде Мұхаммад Махмадизоданы (Тәжікстан), Анджело Пантаноны (Италия) жеңіп, С тобынан шықты. Ал жартылай финалда Изнаур Сааевтың (Ресей) осал тұсын тапты.

Осы салмақтағы тағы бір спортшымыз Нұрқанат Серікбаев алғашқы белдесуінде жапон палуаны Хайато Кондоға жол берді.

IJF ережеcіне сәйкес, Grand Slam жеңімпазы мен жүлдегерлері әлем және Олимпиада рейтингінде ұпайға ие болады. Айта кетсек, 1-орын үшін – 1000, 2-орын – 700, ал 3-орын алған екі дзюдошы 500 балл алады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам