Қалған үш балуан жеңіліп қалды
Бүгін Тәжікстанның астанасында дзюдодан өтетін кезекті Grand Slam басталды. Қазақстан спортшыларынан Мағжан Шамшадин (60келі) финалға шықты.
Ол ширек финалда италиялық Анджело Пантаномен кездесіп, иппонға түсірген. Одан кейін жартылай финалда ресейлік Изнаур Сааевпен кездесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті. 11 минутқа созылған қосымша уақытта қарсылас спортшы үш ескерту алып, жеңіс Мағжанға берілді.
Енді қазақ балуаны Тәжікстан құрамасының өкілі Мұхаммедсалех Куватовпен алтын үшін күреседі. Куватов жартылай финалда жапондық балуанды таза жеңген болатын.
Бүгін татамиге шыққан тағы да үш спортшымыз жарысты жүлдесіз аяқтап отыр.