Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Танымал балуан мансабын аяқтап, басшылық қызметке тағайындалды

04.05.2024, 12:58

Ол Азия чемпионы болған

Танымал балуан мансабын аяқтап, басшылық қызметке тағайындалды
olympic.kz

Грек-рим күресінің өкілі Мақсат Ережеповтің соңғы уақытта жарыстарға қатыспай жүруінің себебі анықталды. Танымал балуан карьерасын аяқтап, спорт функционері атану туралы шешім қабылдаған. 

2 мамыр күні ол Қостанайда Владимир Матвиенко атындағы Балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебіне басшы болып тағайындалды.

Соңғы рет Ережепов бозкілемге 2023 жылғы 29 желтоқсанда шықты. Сол күні ол Атырауда өткен «Мұнайлы астана кубогы» халықаралық турнирінде топ жарды.

Мақсат Ережепов 1990 жылы Рудныйда туған. Бірақ жарыстарға Атырау облысының атынан қатысты. 

Карьерасындағы басты жетістіктері: кадеттер арасында Азия чемпионы (2007 - 69 кг), жасөспірімдер арасында Азия чемпионы (2010 - 74 кг), Азия чемпионатының төрт дүркін қола жүлдегері (2012 - 84 кг, 2013 - 74 кг, 2018 - 77 кг, 2019 - 82 кг), Азия чемпионатының екі рет финалисі (2014 - 71 кг, 2022 - 77 кг), Азия чемпионы (2017 - 75 кг), әскерилер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2018 - 77 кг). ҚР спорт шебері, Азиада қатысушысы (2014, 71 кг – сегізінші орын).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам