Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Ауыр атлетикадан екі дүркін Еуропа чемпионы соғыста қаза тапты

07.05.2024, 11:16

Бапкерінің айтуынша, ол Ресей басқыншыларна қарсы ерлікпен соғысқан

Ауыр атлетикадан екі дүркін Еуропа чемпионы соғыста қаза тапты
Фото ашық дереккөзден

Ауыр атлетикадан екі дүркін Еуропа чемпионы атанған, 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысқан украиналық Александр Пелешенко соғыста қаза тапты.

Қайғылы оқиғаны ауыр атлетикадан Украина құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Виктор Слободянюк хабарлады.

«Соғыс адамдардың ең жақсысын алады… Украинаны басқыншылардан қорғау жолында ауыр атлетикадан Украинаның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропаның екі дүркін чемпионы (2016, 2017), Олимпиада ойындарының қатысушысы Александр Пелешенко ерлікпен қаза тапты», - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Спортшы 2018 жылы допингпен екінші рет ұсталып, 8 жылға спорттан шететтілген. Ал соғыс басталғанда алғашқы күннен қатарға қосылған. Биыл ол 30 жасқа толған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам