Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Кениялық спортшы Қазақстан атынан Париж Олимпиадасына барады

18.05.2024, 10:38

Ол бұған дейін допинг пайдаланды деген күдікке ілінген болатын

Кениялық спортшы Қазақстан атынан Париж Олимпиадасына барады
Жеңіл атлетика федерациясы

Жеңіл атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионы, шыққан тегі кениялық Нора Джеруто АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен USATF Los Angeles Grand Prix жарысында үшінші орын алды.

Ол 3000 метрге кедергілермен жүгіруді 9 минут 22.45 секундта еңсерді. Сөйтіп, Олимпиада нормативін орындады.

Қазақстанға 2022 жылы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының алғашқы алтынын әперген спортшы жазда Париждегі ойындарға барады.

Бұл жеңіл атлетикадан қоржынға түскен екінші лицензия. Ал жалпы жолдама саны 52-ге жетті.

Айта кетейік, Нора Джеруто – жеңіл атлетикадан ашық аспан астындағы әлем чемпионатында алтын сыйлаған алғашқы спортшы. Ол Қазақстанға Кениядан 2017 жылы келген. Нора 3000 метрге кедергілермен жүгіруден әлемдегі үздік үштіктің бірі.

Былтыр ол жеңіл атлетикадағы допингке қарсы күрес жөніндегі тәуелсіз ұйым Athletics Integrity Unit шешімімен 2022 жылғы әлем чемпионы жарыстардан уақытша шеттетілген болатын. Оған тыйым салынған препарат (ABP) қолданды деген айып тағылды. Бірақ кейіннен айыптары толығымен алынып тасталды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам