Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Есмигүл Куюлова әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

21.05.2024, 16:01

Үшінші жарыс күнінде де Қазақстан дзюдошылары жүлдесіз қалды

Есмигүл Куюлова әлем чемпионатында жүлдесіз қалды
instagram.com/kaz_judoteam/

Абу-Дабиде дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Есмигүл Куюлова ширек финалға шығар белдесуде жеңіліп қалды.

63 келіде татамиге шыққан отандасымыз үшінші айналымда Польша балуаны Ангелина Циманскадан айласын асыра алмады. 1/8 финалдық белдесу небәрі 47 секундқа созылып, отандасымыз ауырту әдісімен ұтылып қалды.

Есмигүл Куюлова бірінші белдесуінде Қырғызстан спортшысынан басым түссе, екінші айналымда кабоверделік дзюдошын қапы қалдырған еді.

Осылайша бүгін Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатын аяқтап отыр.

Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында 48 келіде Абиба Әбужақынова қола жүлдегер атанса, Елдос Сметов бесінші орынға тұрақтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам