Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Ауыратлет Анна Нұрмұхамедова ресми Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

25.05.2024, 11:06

Оның салмағындағы үш атлеттің сынамасынан допинг табылды

Ауыратлет Анна Нұрмұхамедова ресми Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
olympic.kz

Қазақстандық ауыратлет Анна Нұрмұхамедоваға Лондон Олимпиадасының күміс жүлдесі салтанатты түрде табысталды.

Марапаттау шарасы Перуде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында өтті.

Отандасымыз 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 69 келіде сынға түсіп, 5-ші орынға табан тіреген еді. Кейін жүлдегер атанған спортшылардың допинг сынамасын қайта тексергенде олардан тыйым салынған препараттар анықталды. Соның нәтижесінде Марина Шкерманкова мен Дина Сазановец иеленген жүлделері кері қайтарылды. Бұл ретте Қазақстан ауыратлетіне әуелі қола жүлде берілген болатын.

Алайда, 2020 жылы Румыния спортшысы күміс жүлдегер Роксаны Кокоштың сынамасынан допинг анықталды. Осылайша оның күміс жүлдесі Анна Нұрмұхамедоваға берілсе, қола жүлде Колумбиялық Убальдина Вальеске бұйырды.

Бұған дейін Лондон Олимпиадасында 5-ші орынға тұрақтаған еркін күрес балуаны Дәулет Шабанбайға да ресми түрде қола жүлде табысталған болатын. Аса ауыр салмақта белдескен отандасымыз араға 10 жыл салып төртжылдықтың басты ойындарының жүлдегері деп танылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам