Әйелінің көзіне шөп салған әйгілі футболшылар. Жаңа шығарылым!

Азия кубогында қазақстандық волейболшылар Вьетнамнан жеңілді

24.05.2024, 14:50

Келесі матч Сингапур қыздарына қарсы өтеді

Азия кубогында қазақстандық волейболшылар Вьетнамнан жеңілді
Қазақстан волейбол федерациясы

Волейболдан Asian Challenge Cup турнирінде еліміздің әйелдер құрамасы Вьетнам командасынан жеңіліп қалды.

Алғашқы партияда волейболшыларымыз вьетнамдық қыздарға еш қарсылық көрсете алмай, 14:25 есебі тіркелді. Екінші кезеңде де жағдай оңалған жоқ, қарсыластар 25:19 есебімен ұтты.

Үшінші партия болса Қазақстан волейболшыларының жеңісімен аяқталды. Қыздар құрамасы бұл жолы Вьентанмнан 25:14 есебімен басым түскен. Алайда, тартысты өткен төртінші партияда вьетнамдықтардың мерейі үстем болды, есеп – 25:23.

Ертең Қазақстан волейболшылары Сингапур құрамасымен кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам