Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Қазақстанда спорттық атақтар өтірік беріліп келген – Антикор

04.06.2024, 12:10

Спортқа еш қатысы жоқ жігіт «әлем чемпионы» атанса, әкесіне «еңбегі сіңген бапкер» атағы берілген

Қазақстанда спорттық атақтар өтірік беріліп келген – Антикор
көрнекі фотосурет: instagram.com/nagrady.kz/

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі танымал аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімовтің әлеуметтік желіге жүктеген видеосынан кейін тексеріс жүргізді.

Жақында елімізге танымал аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов жалған атақ-дәреже жасатып алған бапкер мен шәкіртті заңды түрде жазалауды сұраған еді.

«Спортта жүргеніме 17 жылдай болды. Бірнеше әлем чемпионатына қатысып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алдық. Тараз қаласында спортқа мүлдем қатысы жоқ Әділбек Малдатаев деген кісі «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» деген атақты алыпты. Ал оның спортқа дым қатысы жоқ баласы Әли Бауыржан әлем чемпионы атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болған. Бұл  кісілер атақ-даңқты Ұлттық спорт түріне жататын жекпе-жектен алған. Ұлы 2022 жылы Таилдандта әлем чемпионы болған екен. Бірақ әлем чемпионаты алғаш рет 2017 жылы өз елімізде өтті. Содан кейін әлі еш жерде болған жоқ. Бұл мәселені жоғарыдағы лауазымды тұлғалар қадалағалауына алады деп ойлаймын. Спортқа қатысы жоқ адамдардың еш тер төкпей, осындай атақ-дәрежені алғанына жүрегім ауырды. Бұл сонда Ұлттық спортты аяққа таптағаны ма? Қаншама спортшылар өмірінің жартысын арнап, мұндай дәрежені ала алмай жатыр. Осы спортшылардың, бапкерлердің еңбегі қайда қалды сонда?» – деген болатын Арман Әшімов.

Антикор видеоүндеуді тексеріп, ондағы ақпаратты растаған. Осыдан кейін агенттіктің ұсынысы бойынша «жалған спортшылар» спорттық атақтарынан айрылды.

Сондай-ақ, құзырлы мекеме жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы бойынша Туризм және спорт министрлігіне жемқорлық деректерін жою, Е-sport Ұлттық цифрлық платформасын іске қосу сынды ұсыныстарын жолдады.

Е-sport Ұлттық цифрлық платформасы спортшылар, инфрақұрылым, жарыстар мен жетістіктер туралы бірыңғай деректер қоймасын құрайды және спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік бермек.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам