Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Грузия дзюдошылары Олимпиаға әлем бойынша ең мықты құраммен барады

05.06.2024, 09:55

Олардың арасындағы ең осалының өзі Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанған

Грузия дзюдошылары Олимпиаға әлем бойынша ең мықты құраммен барады
IJF

Дзюдодан Грузия құрамасы Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Биылғы Олимпиадаға грузиндер толық құрамда өнер көрсететін болса, оның ішінде төртеуі Токио Олимпиадасының финалында күрескен балуандар.

Айта кететін жайт, Грузия құрамасы кіл мықтылардан құралған. Олардың ішінде Георгий Сардалашвили (-60 кг) биыл әлем чемпионы атанды.

Важа Маргвелашвили (-66 кг), Лаша Шавдатуашвили (-73 кг) Токио Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған. Сонымен бірге, Лаша өзінің төртінші Олимпиадасына бара жатыр. Ол бұған дейінгі Олимпиадалардың барлығында жүлде алған және 2012 жылы чемпион атанған еді.

Ал Тато Григалашвили (-81 кг) осы Олимпиадалық циклда қатарынан 3 әлем чемпионатында топ жарды. Ол 2021-2024 жылдары өткен әлем біріншіліктерінің барлығында финалға шығып, тек біреуінде ғана есе жіберген.

90 келіде белдесетін Лаша Бекаури Токио Олимпиадасының чемпионы, 2022 және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола және күміс жүлдегері.

-100 келідегі Илья Суламанидзе әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сонымен бірге, 2023-2024 жылдардағы Еуропа чемпионатында финалға шыққан балуан.

Аса ауыр салмақтағы Гурам Тушишвилидің (+100 кг) есімін дзюдосүйер қауым жақсы біледі. Ол Токио Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған. Сондай-ақ, 2018 жылғы әлем чемпионы, биылғы дүниежүзілік біріншіліктің финалына шықты.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам