Самбодан әлем чемпионы атанған Арайлым Әбенова көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

13.11.2023, 12:43

Ол финалда Ресейдің қазағын жеңген

Самбодан әлем чемпионы атанған Арайлым Әбенова көз жасына ерік берді (ВИДЕО)
Фото ашық дереккөзден

Арменияда самбодан өткен әлем чемпионатында әйелдер арасында аса ауыр салмақ дәрежесінде күрескен қазақстандық Арайлым Әбенова топ жарды. Ол финалда ресейлік Жанар Кусанованы айқын басымдықпен жеңді.

Арайлым қазақ қыздары арасында самбодан ауыр салмақта әлем чемпионатында топ жарған алғашқы спортшы. Ол ширек финалда филиппиндік Сидней Сиді, жартылай финалда румыниялық Бланка Проданды ұтты.

Ал финалдық белдесуде Ресей атынан күрескен этникалық қазақ балуанынан басым түсіп отыр. Алматы облысының өкілі жеңіске жеткен сәтте көз жасына ерік берді.

«Әлі жеңіске жеткеніме сенер емеспін. Әлем чемпионы атану жолында көптеген сындардан өттік. Баптаған жеке жаттықтырушыма, қолдау білдірген ата-анама шын жүректен алғыс білдіремін. Алда осымен тоқтап қалмай, бірнеше дүркін әлем чемпионы атануға барымды саламын», - деді Арайлым Әбенова.

Ереванда аяқталған әлем чемпионатының соңғы жарыс күнінде ерлер арасында Әлібек Зекенов пен Талғат Жиентаев да қола жүлдегер атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?