Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Венгрия турнирінде Жәмила Бақбергенова чемпион атанды

08.06.2024, 09:26

Қыздар құрамасындағы балуандарымыз қоржынға тағы екі қола медаль салды

Венгрия турнирінде Жәмила Бақбергенова чемпион атанды
olympic.kz

Будапеште күрес түрлерінен өтіп жатқан әлемдік рейтингтік турнирдің екінші жарыс күнінде Қазақстанның әйелдер құрамасының балуандары үш медаль иеленді.

Олардың арасында 72 келіде бақ сынаған құрама мүшесі Жәмила Бақбергенова чемпион атанды. Бұл салмақта спортшылар аз болғандықтан белдесу айналмалы жүйе бойынша өрбіді. Жәмила жарыс кезінде 4 қарсыласпен жолығып, барылғынан да басым түсті. 

Ал, финалда венгриялық Ноеми Забадоспен тартысты белдесу өткізіп, 12-11 есебімен басым түсті. Жәмила аталған балуанмен алғашқы кездесуде де жеңіске жеткен болатын. 

Сонымен қатар, осы салмақта өнер көрсеткен Гүлмарал Еркебаева қола жүлдеге ие болып отыр.

59 келіде сынға түскен Диана Каюмова мен Ирина Кузнецова қола жүлде үшін белдесуге шықты. Бұл сында Диана құрамадағы әріптесін 6:4 есебімен ұтты.

Ерлер құрамасынан сынға түскен еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков үшінші орын үшін белдесуде жапон балуанынан айласын асыра алмады. Ол шешуші сында 5:1 есебімен қарсыласына жол берді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам