Жаңа шығарылым! Қонақта Есен Елеукен ағамыз! EURO-2024

Винокуровты ұлы велоспорттан Азия чемпионы атанды

09.06.2024, 14:56

Ол күннің қатты ыстық болғанына шағымданып отыр

Винокуровты ұлы велоспорттан Азия чемпионы атанды
astana-qazaqstan.com

Александр Винокурортың ұлы Николя Винокуров Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды. 

34 шақырым қашықтыққа созылған додаға 20 елдің атынан 21 спортшы шыққан болатын. Бұл сында ҚР құрамасында өткен жылғы Азия чемпионы Андрей Ремхе, сондай-ақ Николя Винокуров өнер көрсетті. 

Нәтижесінде Николас ең жақсы нәтиже көрсеттіп, 45 минут 38 секундта бірінші болып келді. Ал, күміс медаль Ремхеге (45:41) бұйырса, қола жүлде Таиланд өкілі Тулаторна Сосаламның еншісіне жазылды. Оның көрсеткіші 46 минут 1 секундты құрады. 

«Мен тек жеңіске сендім. Бұл жарыста өткен жылы үздік болдым және соны қайталағым келді. Өкінішке қарай, ол жоспарым орындалмады»,- деді Андерс Андрей Ремхе.

Ал Винокуровтың ұлы әкесінің жолын қайталап, маңызды жарыста үздік шыққанын түсіндірді. 

«Мен өз жеңісіме ризамын, бәрі жоспар бойынша өтті. Жол ауыр және өте ұзақ. Оның үстіне күн де ыстық. Соған қарамастан мен қиындықтарды еңсеріп, бірінші болып келдім», - дейді Азия чемпионы Николя Винокуров.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам