Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Елдос Сметов спаррингте қарсыластарын басымдықпен ұта алмауын түсіндірді

13.06.2024, 15:24

Ол үшінші Олимпиадасында жүлде алып, Қазақстан тарихына өз атын алтын әріппен жазуды көздеп отыр

Елдос Сметов спаррингте қарсыластарын басымдықпен ұта алмауын түсіндірді
Қазақстан дзюдо федерациясы

Париж Олимпиадасында дзюдодан 60 келіде бақ сынайтын Елдос Сметов таяуда Алматыда өткен спаррингтегі жеңісі туралы пікір білдірді.

Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері қарсыластарын неліктен айқын ұта алмауының себебіне тоқталды. Оның айтуынша, әлемдік рейтингте жоғары ұпайға ие құрамадағы әріптестері оны барлық қырынан жақсы таниды.

«Белдесулер өте тартысты өтті. Мұның жауапкершілігі өте жоғары. Бір-бірімізді 100 пайызға білеміз. Сондықтан, кездесулер ұзаққа созылды. Қателік іздеп жүріп қалдық. Күнделікті спарринг жасап, белдесіп жүрген адаммен күресу оңайға соқпайды. Бір бас жоғары болып, айқын басымдықпен жеңу мүмкін емес. 

Біздің салмақта дау-дамай қатты көтеріліп кетті. Енді бәрі тікелей эфирде, ашық түрде өтті. 

Қазақстанда дзюдодан үш Олимпиадада медаль алған спортшы жоқ. Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері бар. Ендігі мақсат – Қазақстанның тарихын тағы да жаңартып, Париж ойындарында жеңіске жету. Тек қана Олимпиада алтыны үшін дайындаламыз», - деді Сметов.

Елдос Сметов Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанған. Аталған додадан кейін ол 66 келіге ауысқанымен нәтижеге қол жеткізе алмады. 2022 жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде қола жүлдеге ие болды. Алайда, содан кейін тура екі жылға жуық уақыт бойы халықаралық жарыстарға жүлдеден тыс қалып келді.

Тек мамыр айының басында Астанада өткен Гранд Слэм бәсекесінде қола жүлдеге тұрақтады. Ал араға апта салып, Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында 5-ші орынға ие болды. Ол қола жүлде үшін күресте жапон балуанынан оңбай ұтылған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам